08
апрель
2026
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектеп спорт залында, алаңында іс-шаралар өтілді.
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, сәуір айының 7-ші жұлдызында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектеп спорт залында, алаңында іс-шаралар өтілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында түрлі спорттық ойындар, дене шынықтыру жаттығулары және сергіту сәттері өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін көрсетті.
Жарыстың жоспары:
3-4 сыныптар үшін
4. 30 м. жүгіру;
5. Орнынан ұзындыққа секіру;
6. Арқан тарту;
7. Асық ату.
5-10 сыныптар үшін
5. 60 м.жүгіру;
6. Орнынан ұзындыққа секіру;
7. Тартылу (ұлдар);
8. Дене көтеру (қыздар)
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.