19
ноябрь
2025
"Мен Smart оқушымын"
«ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК » айы
Тақырып: "Мен Smart оқушымын"
Өткізілу уақыты: 18.11. 2025 ж
Қатысушылар: 10 сынып оқушылар
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, әлеуметтік жоба бойынша қараша айының 18-ші жұлдызында 10 сыныптар арасында жобамен таныстырылым сабақ жүргізілді.
Олар сабақ барысында «SMART BALA» жобасы – бұл ХХІ ғасырдың заманауи талаптарына сай, оқушының цифрлық, функционалдық және жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру бастамасы. Жоба аясында оқушы тек білім алып қана қоймай, өзін-өзі дамытуға, оқуын жоспарлауға, уақыты мен ресурсын тиімді басқаруға, шығармашылықпен ойлауға және технологияны саналы пайдалануға үйренеді.
Жоба жетекшісі: А.Сармантаева