12
октябрь
2026
«Вандализм – ойын емес, құқықтық жауапкершілік» және «Синтетикалық есірткі және оның интернет арқылы таралу қаупі» тақырыптарында 9 ”А” сынып оқушыларына бейнеролик көрсетіліп, құқықтық жағдайлар талқыланды.

Іс-шара барысында вандализмнің қоғамға тигізетін зияны, қоғамдық және жеке меншікке қасақана залал келтірудің салдары, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін көзделген құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар ұсынылған құқықтық жағдайларды талқылап, түрлі жағдаяттарға қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Кездесу соңында әрбір азаматтың қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауға міндетті екені атап өтілді. Сонымен қатар есірткі заттарын сақтау, тарату және заңсыз айналымына қатысу үшін туындайтын құқықтық жауапкершілік түсіндірілді. Қатысушыларға интернет кеңістігінде сақ болу, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және заңсыз әрекеттерге тартылудан аулақ болу қажеттігі ескертілді.
https://www.facebook.com/100035636196968/videos/pcb.1806846277179895/1587601226745791?locale=ru_RU