24
октябрь
2025
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны»
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» айы
Тақырып: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»
Өткізілу уақыты: 23.10. 2025 ж
Қатысушылар: 6–7 сынып оқушылар
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, әлеуметтік жоба бойынша «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өткізілді.
Дебаттың мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін дәлелдер арқылы қорғауға үйрету және ғаламторды тиімді әрі қауіпсіз қолдану мәдениетін қалыптастыру болды.
Шара барысында екі топ өз көзқарастарын ұсынды:
* *«Ғаламтордың пайдасы»* тобы ақпаратқа қолжетімділік, оқу мен дамуға көмегі, байланыс пен коммуникация мүмкіндіктерін атап өтті.
* *«Ғаламтордың зияны»* тобы уақытты тиімсіз пайдалану, денсаулыққа әсері, жалған ақпарат пен киберқауіпсіздік мәселелерін көтерді.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдер келтіріп, қарсы топтың сұрақтарына жауап берді. Дебат соңында қатысушылар ғаламторды дұрыс және жауапкершілікпен қолданудың маңыздылығын түсінді.
Жауапты: жоба жетешісі Н.Бектібаева