10
ноябрь
2025
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы.
Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасын жоспарына сәйкес, кәмелетке толмағандарды интернеттегі қауіптен сақтау, олардың саналы түрде ақпарат қабылдап, оны талдай алу қабілетін дамыту, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, цифрлық қауіпсіздікті сақтау мәдениетін дарыту және оны күнделікті өмірде қолдануға үйрету мақсатында - ақпараттық қауіпсіздік, медиа сауаттылық жөніндегі маманмен кездесу, «Сенің цифрлық көлеңкең: интернет сен туралы нені біледі?» тақырыбында сынып сағаттары, «Цифрлық әлемнің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас, лудомания туралы бейнефильмдерді көрді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өздеріне керекті мәліметтерді толық алды.
