04
декабрь
2025
«Азат елдің айбыны – Ата Заң, Ту, Елтаңба, Әнұран!»
«БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ » айы
Тақырып: «Азат елдің айбыны – Ата Заң, Ту, Елтаңба, Әнұран!»
Өткізілу уақыты: 03.12. 2025 ж
Қатысушылар: 5 «Ә» сынып
Сынып жетекші: Ш.Тажиева
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес,
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәелсіздік күніне орай «Азат елдің айбыны – Ата Заң, Ту, Елтаңба, Әнұран!» атты ашық тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәні мен маңызын түсіндіру, оларды құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының ұйымдастырылуында Мемлекттік Әнұранды айтумен бастады.
Тәрбие сағаты барысында Ата Заңның тармақтары, Тудың түстері мен элементтері, Елтаңбаның бейнелік ерекшеліктері, сондай-ақ Мемлекеттік Әнұранның тарихы мен мағынасы туралы ақпарат берілді. Оқушылар сұрақ-жауапқа белсенді қатысып, бейнероликтер тамашалап, рәміздерге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.