01
декабрь
2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның орындалуы
«БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ » айы
Тақырып: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның орындалуы
Өткізілу уақыты: 01.12. 2025 ж
Қатысушылар: 1–11 сынып оқушылар
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, «Әр дүйсенбі сайын Әнұран айту» дәстүрі – оқу аптасының басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елге деген сүйіспеншілік пен бірлік сезімін қалыптастыруға бағытталған мектепішілік іс-шара.
Шара барысында оқушылар сапқа тұрып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін көрсетеді.
Бұл дәстүр оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға, мектептегі тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
Әнұранды айту – тәуелсіздіктің, мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігінің айқын белгісі.