03
ноябрь
2025
Күзгі демалыс кезіндегі мектепішілік спорттық турнирлер (волейбол, баскетбол және т.б.)
Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген
ІС-ШАРА
Күні: 28.10-02.11.2025 ж
Тақырып: Тақырыбы: Күзгі демалыс кезіндегі мектепішілік спорттық турнирлер (волейбол, баскетбол және т.б.)
Мақсаты: Оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Өткізу түрі: Мектепішілік, мектептен тыс спорттық сайыстар (волейбол, баскетбол және т.б. командалық ойындар).
Мазмұны:
Күзгі демалыс барысында мектеп оқушылары арасында волейбол, баскетбол сияқты спорт түрлерінен турнирлер ұйымдастырылды. Әр сыныптан құрылған командалар өзара жарысып, үздіктер анықталды. Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық, төзімділік пен өзара құрмет дағдыларын көрсетті.
Нәтижесі:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың спортқа қызығушылығы артты, салауатты өмір салтының маңызы түсіндірілді. Жеңімпаз командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Жауаптылар: ДТІЖО: С.Р.Тауасарова, дене шынықтыру бірлестігі, сынып жетекшілер,
6-8-9-сыныптар
