22
декабрь
2025
«Абайлаңыз, көктайғақ!» (диктант), Медициналық көмек көрсету (түсіндірме жұмыстары).
«БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ » айы
Тақырып: «Абайлаңыз, көктайғақ!» (диктант), Медициналық көмек көрсету
(түсіндірме жұмыстары)
Өткізілу уақыты: 18-19.12. 2025 ж
Қатысушылар: 1 – 4, 5 – 6 сыныптар
Жауапты: Сынып жетекшілер Мектеп медбикесі Қ.Джуматаева
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, «Абайлаңыз, көктайғақ!» (диктант), Медициналық көмек көрсету
(түсіндірме жұмыстары) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға қыс мезгілінде, әсіресе көктайғақ кезеңінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, жарақаттанудың алдын алу, көшеде және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау қажеттігін ұғындыру.
Сынып сағатында оқушылар:
- «Абайлаңыз, көктайғақ!» (диктант) жазды;
- Көктайғақ кезіндегі қауіптермен танысты;
- Қауіпсіздік ережелерін талқылады;
- Сақтық шараларына байланысты бейнематериалдар көрді;
- Өз ой-пікірлерін ортаға салды.