01
июнь
2026
«Балдәурен-балғын өнерпаз» жазғы сауықтыру демалыс лагерінің ашылуына орай «Жадыраған жаз келді» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мектебімізде 2026 жылғы 1 маусым күні мектеп жанындағы «Балдәурен-балғын өнерпаз» жазғы сауықтыру демалыс лагерінің ашылуына орай «Жадыраған жаз келді» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға 150-ге жуық оқушы қамтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту, оқушылардың жазғы демалысын көңілді әрі мазмұнды бастауға жағдай жасау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Мерекелік шара барысында лагерьдің ашылу салтанаты өткізіліп, қатысушыларға жазғы демалыстың маңызы туралы ақпарат берілді. Оқушылар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқып, түрлі ойындар мен қызықты эстафеталарға қатысып, қатысушы барлық оқушыларға балмұздақтар таратылды.
https://www.facebook.com/share/v/18dK9kCxNe/