28
ноябрь
2025
«Ағалар салған сара жол»
АҒАЛАР МЕКТЕБІ
Тақырып: «Ағалар салған сара жол» (мектептің жоғарғы сынып ұлдарымен жұмыс)
Күні: 28.11.2025 ж.
Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, ұл балалардың ұлттық тәрбиесін нығайту, ата-баба салт-дәстүрлерін дәріптеу, ер бала болмысына тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Ағалар мектебі: «Ағалар салған сара жол» тақырыбында (мектептің жоғарғы сынып ұлдарымен жұмыс)
ұйымдастырылды.
Клубтың міндеттері:
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.
«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.
Іс-шара оқушылардың бойында азаматтық жауапкершілікті арттырып, үлкенді құрметтеу мен кішіге қамқор болу қағидаларын түсіндіруге ықпал етті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға зор тәрбиелік мәні бар сабақ болды.
Жауапты: жоба жетекшісі А.Тұрарбеков