«Жасанды интеллект: оны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері».
2025–2026 оқу жылының 22 қаңтар – 10 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пән бірлестігінің айлығы өтті. Айлықтың тақырыбы – «Жасанды интеллект: оны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері». Іс-шараның мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерін оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Айлық аясында 10 «Б» сыныбымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі А. Джакипбекова «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.