02
февраль
2026
«Жасанды интеллект: оны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері».
2025–2026 оқу жылының 22 қаңтар – 10 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пән бірлестігінің айлығы өтті. Айлықтың тақырыбы – «Жасанды интеллект: оны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері». Іс-шараның мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерін оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.
Айлық аясында 10 «Б» сыныбымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі А. Джакипбекова «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи оқыту тәсілдері қолданылып, жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді пайдаланылды.