«Қаныш Сәтбаев-қазақтың тұңғыш ғалым академигі» сынып сағаты. » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қаныш Сәтбаев-қазақтың тұңғыш ғалым академигі» сынып сағаты.
14
апрель
2026

«Қаныш Сәтбаев-қазақтың тұңғыш ғалым академигі» сынып сағаты.

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, сәуір айының 13-ші жұлдызында 5 – 7 – сыныптармен 12 сәуір-Ғылым күніне арналған танымдық сағаты «Қаныш Сәтбаев-қазақтың тұңғыш ғалым академигі» сынып сағаты. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) өткізілді. 
 Қаныш Сәтбаев — қазақ ғылымының негізін қалаушы, әлемдік деңгейдегі ірі геолог-ғалым және Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті. Бұл тұлғаның есімі еліміздің индустриялық қуатының нышанына айналған Жезқазған, Қарағанды сынды ірі кен орындарын ашумен және зерттеумен тығыз байланысты.
 Сабақ барысында Қаныш Сәтбаевтың тек геолог қана емес, сонымен бірге тарих, мәдениет және әдебиет салаларына да зор үлес қосқан энциклопедиялық білім иесі екені айтылды. Оның бойындағы еңбекқорлық, отансүйгіштік және кәсіби біліктілік қасиеттері өскелең ұрпақ үшін шынайы үлгі болып табылады. Тұлғаның «Менің халқым менен де биік» деген қағидасы оның биік адамгершілік болмысын айқындай түседі.
 Бұл тақырыпты зерделеу арқылы білім алушылар ұлт мақтанышының ғылыми мұрасымен танысып, білімге деген құштарлығын арттырды. Ғалымның өмір жолын түсіну — жастардың бойында елге қызмет ету, ғылымға ұмтылу және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив