20
февраль
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие жүйесі шеңберінде және Ауғанстан Республикасынан әскерлердің шығарылғанына 37 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған, Ауған соғысына арналған «Ауғанстан – жүректегі жара» атты кездесу кеші өтті
«ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» айы
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие жүйесі шеңберінде және Ауғанстан Республикасынан әскерлердің шығарылғанына 37 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған, Ауған соғысына арналған «Ауғанстан – жүректегі жара» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ауған соғысының тарихи маңызын түсіндіру, Отан алдындағы борыш пен ерлік ұғымдарын дәріптеу, патриоттық рухты нығайту және ардагерлерге құрмет көрсету болды.
Кеш барысында мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылып, жанды сүйемелдеумен оркестр және хор өнер көрсетті. Сонымен қатар, қалалық жарыстардың жеңімпаздары – АК-74 қаруын бөлшектеу және жинақтау, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚЖ) кию бойынша бірінші орын иегерлері өз шеберліктерін көрсетіп, әскери дайындық деңгейлерін паш етті.
Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:
– Жамбыл облысы Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер қоғамының белсенді мүшесі Рысқұлов Батырбек мырза;
– Жамбыл облысы Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер қоғамының қоғам төрағасының орынбасары Сембиев Нұрбақыт мырза.
Қонақтар Ауған соғысы жылдарындағы өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, соғыстың ауыртпалығы, жауынгерлік достық, Отанға деген адалдық туралы әсерлі әңгімелер айтты. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық әрі тағылымды сұхбат алаңы қалыптасты.
Шара қорытындысында жастарды елін, жерін сүюге, бейбітшіліктің қадірін түсінуге және ардагерлер ерлігін ұмытпауға шақыру бағытында маңызды ойлар айтылды.
Ұйымдастырушылар: ДТІЖО С.Р.Тауасарова, АӘД мұғалімі Ж.Р.Айтуреев, ӨӨБҰ