“Ауғаныстан жүректегі жара” атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ауғаныстан жүректегі жара” атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.
14
февраль
2025

“Ауғаныстан жүректегі жара” атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.

2024-2025 оқу жылының 13 – ші  ақпан күні мектебімізде “Ауғаныстан  жүректегі  жара” атты  Ауған соғысының  ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кешіміз «Менің Қазақстаным» хорымен ашылды.
Кездесуге келген, Ауған соғысына қатысқан ардагерлері таныстырылды:
1. Тойбаев Таңжарық мырза
2. Абдикулов Құлымбет мырза
3. Сейтказиев Қуаныш мырза
          Осындай ержүрек қайтпас қайсар жауынгерлердің арқасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмірі үшін соғыста қаза тапқан батыр ағаларымызбен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етіп 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Өлең шумақтары оқылды. Кеште АК-74 қаруын шашып жинау үшін ортаға оқушыларымыз Есіркеп Елдар мен Аманқос Ұлпан шақты.
            Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Айбын-2025» әскери-спорттық байқауына қатысып 1-ші орын иеленген оқушылардың бейнеролигі көрсетілді (видео ).
Келген ардагер қонақтарға сөз берілді. Кешіміз қорытынды тілектермен, қазақ биі «Илигай» жабылды.
Қорытынды:
Мектеп директоры Сәбит Насырұлы сөз сөйледі.
Құрметті ардагерлер уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін! Іс-шара өз дәрежесінде өтті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив