23
февраль
2026
«Қыз ғұмырдың құпиялары» (қыз өмірінің құпия сырлары, жасөспірім қыздардың психологиясы туралы ашық әңгіме) семинар
«ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» айы
Тақырып: «Қыз ғұмырдың құпиялары» (қыз өмірінің құпия сырлары, жасөспірім қыздардың психологиясы туралы ашық әңгіме) семинар
Өткізілу уақыты: 20.02. 2026 ж
Қатысушылар: 2–4 сынып оқушылары қамтылды
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, «ДАНАЛЫҚ» клубы: «Жеңгелер» мектебі «Қыз ғұмырдың құпиялары» (қыз өмірінің құпия сырлары, жасөспірім қыздардың психологиясы туралы ашық әңгіме) семинар өтілді.
«Қыз ғұмырдың құпиялары» – жасөспірім қыздардың психологиясы, тұлғалық дамуы, өзін-өзі бағалауы, эмоциялық саулығы мен болашаққа сенімді қадам басуы туралы ашық әрі еркін форматтағы семинар.
Кездесу барысында қыз баланың ішкі жан дүниесі, өтпелі кезең ерекшеліктері, ата-анамен қарым-қатынас, достық, шекара қою, қауіпсіздік және қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар тақырыптары қозғалады.
Бұл семинар – әр қыздың өз құндылығын сезініп, өзіне сенімді, саналы тұлға болып қалыптасуына бағытталған қолдау алаңы.
Жауапты: Мектеп жетекшісі: Б.Жанабаева., жұмыс тобы