25
декабрь
2025
«Спорт - тәртіп негізі» тақырыбында волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні «Заң мен тәртіп» айлығы аясында құқық бұзушылық пен салауатты өмір салтын сақтау, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 8-9 сынып қыздары арасында «Спорт - тәртіп негізі» тақырыбында волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысып, 1 орын - 8а, 2 орын - 9в, 3 орын - 8б және 8в сыныптарының командалары иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды.
