14
январь
2026
“Үздік оқырман отбасы” байқауы өткізілді.
Ғани Мұратбаев атындағы #17 орта мектеп кітапханасында қаңтардың 13 жұлдызында “Үздік оқырман отбасы” байқауы өткізілді. Оқырмандарды “Балалар кітапханасы” жобасы аясында кітап оқуға баулу. Жас оқырмандарды отбасы өнегесімен сусындату мақсаты көзделген бұл байқауға мектептің жас буыны - бастауыш сынып білім алушылары қатыстырылды. Қалтай Ақаділ-4”А” сынып, Мәдихан Алинұр-3”А”, Қаленбай Нұртуған-2”Б” сынып, Үсен Әмір-2”А” және Бейбіт Дильназ-2”Ә” сынып оқушылары байқау қатысушылары. Қатысушылар байқау шарттарын орындағаннан соң мектептің “Әжелер мектебінің” әжелері оқушыларға ертегі айтып берді және қатысушыларға сыйлықтар таратты. Мектеп директоры С. Н. Кенесариев байқау жеңімпаздарын марапаттады. “Үздік оқырман отбасы” байқауының жеңімпазы 2”Б” сынып оқушысы Қаленбай Нұртуған болды.