24
февраль
2025
"Біртұтас тәрбие беру" бағдарламасы аясында "Қазақстан Республикасының рәміздері - еліміздің айғағы" атты айлығында "Symbols are my pride" тақырыбында жетінші сыныптар арасында үздік эссе байқауы өткізілді.
2025 жылдың ақпан айының 24 күні Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде "Біртұтас тәрбие беру" бағдарламасы аясында "Қазақстан Республикасының рәміздері - еліміздің айғағы" атты айлығында "Symbols are my pride" тақырыбында жетінші сыныптар арасында үздік эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға ағылшын тілінде эссе жазуды үйрету, оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Нәтижесінде төменде көрсетілген оқушылар жүлделі орындар алды:
1. 7 «Б» сынып оқушысы Замирбек Алина – І орын;
2. 7 «А» сынып оқушысы Нуриден Мерей – ІІ орын;
3. 7 «А» сынып оқушысы Орынбасар Замира – ІІ орын;
4. 7 «Б» сынып оқушысы Махсет Ханифа – ІІ орын;
5. 7 «А» сынып оқушысы Абдуллаева Ақерке – ІІІ орын;
6. 7 «Б» сынып оқушысы Абдықадыр Нұрұасым – ІІІ орын;
7. 7 «В» сынып оқушысы Қарабек Ақнұр – ІІІ орын.