26
декабрь
2025
«Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» (оқушылрмен) дөңгелек үстел.
Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру
бойынша жылдық жұмыс жоспары
«Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы негізінде оқушыларға арналған жұмыс жоспары
(5–9 сыныптарға арналған сабақтар)
Тақырып: «Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» (оқушылрмен) дөңгелек үстел
Желтоқсан айында өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар:
- Эмоция ұғымы және оның түрлерімен танысты;
- Эмоцияны тану, дұрыс білдіру, басқару жолдары туралы пікір алмасты;
- Шынайы жағдаяттар арқылы рөлдік ойындар ойнап, өз сезімдерін сипаттауға машықтанды;
- Құрдастарымен ашық диалог орнатып, бір-бірін тыңдау мен түсіну дағдыларын дамытты.
Шараның мақсаты — оқушылардың өзін-өзі тану, эмоцияны басқару және салауатты қарым-қатынас құру қабілеттерін дамыту болды.
Нәтижесі: оқушылар өз эмоцияларын дұрыс жеткізу, басқалардың сезімін түсіну мен құрметтеудің маңызын ұғынды.
Ұйымдастырушылар: ДТІЖО, мектеп психологы, сынып жетекшілер, жауапты мұғалімдер:
1. А.Б.Кадырбаева
2. А.О.Орақбаева