24
октябрь
2025
Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша жылдық жұмыс жоспары
Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру
бойынша жылдық жұмыс жоспары
«Бала қауіпсіздігі» тренингтік бағдарламасы негізінде ата – аналарға арналған жұмыс жоспары
(1–4 сыныптарға арналған сабақтар)
Тақырыбы: «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық- зомбылықтан қорғау»
Мақсаты: Ата-аналарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрлерімен, оның салдарын азайту жолдарымен таныстыру және баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасының рөлін нығайту.
Қатысушылар Ата-аналар, мектеп психологі, сынып жетекшілер
Жиналыстың өзектілігін атап өту: " Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық- зомбылықтан қорғау
Қағида: «Бақытты бала – қауіпсіз бала»
Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Зорлық-зомбылықтың бала психикасына әсері (қорқыныш, төменгі өзіндік баға, агрессия, суицидтік әрекеттер) Зорлық-зомбылықтың негізгі түрлері
Зорлық-зомбылық – бір адамның екінші адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұза отырып, денелік және психикалық ықпал жасауы.
1. Физикалық (Денелік) Зорлық-зомбылық
o Бұл – баланың денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін, оның денесіне тікелей зақым келтіретін әрекеттер.
2. Қараусыз қалдыру (Қамқорлық жасамау)
o Бұл да зорлық-зомбылықтың бір түрі болып есептеледі. Ата-ананың (немесе заңды өкілдерінің) баланың негізгі қажеттіліктерін – тамақ, баспана, киім, медициналық көмек, білім және қауіпсіздік – саналы түрде немесе немқұрайлылықпен қамтамасыз етпеуі.
Жауаптылар: ДТІЖО, мектеп психологы, сынып жетекшілер, жауапты мұғалімдер:
М.Д.Есбосынова Б.У.Жанабаева