Мамандықтар әлеміне саяхат» атты экскурсия ұйымдастырылды.
2025 жылдың 29 қазан күні мектебімізде кәсіптік бағдар беруші педагог З.Кожагалиеваның жылдық жоспарына сәйкес 5-сынып білім алушыларына «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: ерте жастан білім алушыларды мамандық таңдауға баулу; Білім алушылар Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрына саяхат жасады. Окушылар алдымен театр музейін аралап, тігін цехы, реквизит жане декорация шеберханалары секілді сахна сыртындағы ең қызықты сәттердің куәсі болды.