Ыстыбаев Бейбіт Әбдірахманұлы » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ыстыбаев Бейбіт Әбдірахманұлы
09
март
2020

Ыстыбаев Бейбіт Әбдірахманұлы

Бейбіт Ыстыбаев Қазақ күресінен 22 рет бас бәйгені еншілеген балуан, Тараз Арланы деген лақап атпен танылған Бейбіт Ыстыбаев 1985 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданының Көшек батыр ауылында дүниеге келді.
Қазақ күресін асқақтытып жүрген батырымыз 6 жасқа дейін атасы Көлбайдың қолында тәрбиеленеді. Алты жасында ата-анасымен бірге туған ауылынан Тараз қаласына көшіп келіп, мұндағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде оқып 2003 жылы осы мектепті бітірген.
Әкесі Әбдірахман Көлбайұлы базарда саудамен айналысқан, ал анасы Ляззат үй шаруасындағы әйел. Өзінен үлкен Сейілхан есімді ағасы мен, Эльмира атты қарындасы және Аян есімді інісі бар.
Болашақ балуан 10 сыныптан бастап спортқа қызығушылық танытады. Оның спорт әлеміне келуіне жеке бапкері Елдос Далабаев тікелей себепкер болады. Бейбіт мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ күресінен алдына жан салмайтын балуан осындай жарыстарға қатысып жүріп, алғаш рет 20 жасында темір тұлпар ұтып алады. Осылайша, жас жүлдегер біраз шыңдалып, үлкен спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Бейбіт заңгер мамандығы бойынша білім алғанымен, қазақ күресі арқылы танылды.
2011 жылы Бейбіт қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері атанды.
2012 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Барысы» қазақ күресінен ҚР Президентінің жүлдесі үшін өткен ұлттық күресті жеңіп алды.
2014 жылдың наурызында Тараз арланы Әйгерім есімді аруға үйленеді. Ерлі-зайыптылардың Бексұлтан есімді ұлдары мен бір қызы бар.
2015 жылдың шілде айында ол екінші рет өткізілген «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды. Осылайша, балуан байқаудың басты жүлдесі – «Алтын тайтұяқ» кубогымен алтын белбеуді иеленді. Сондай-ақ, 150 мың долларға чек және мемлекет басшысының атынан медаль мен құттықтау хат алды.
2016 жылдың шілдесінде Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің үш дүркін чемпионы болды. Бұл сайыста ол сыйлық ретінде чемпиондық белбеумен қатар, 25 миллион теңге және Астананың төрінен пәтер алды.
Бейбіттің қызығушылығы туралы айтатын болсақ, ол спортпен шұғылданғанды, атқа мінгенді жақсы көреді.
Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 2017 жылы өз мансабын аяқтайтынын хабарлап, өзінің орнын басатын балуан дайындағысы келетінін мәлімдеді.
Осылайша, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Ыстыбаев сол жылы облыстық күрес спорт клубының директоры болып тағайындалды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив