Әбенова Ғайни Әлімбекқызы » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әбенова Ғайни Әлімбекқызы
09
март
2020

Әбенова Ғайни Әлімбекқызы

        Ғайни Әлімбекқызы 1960 жылы 9 маусымда туылған. Тараз қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебін бітірген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Жаңасаз ауылында туылған. Жамбыл медициналық училщесінің «фельдшерлік», Жамбыл педагогикалық институтының «филология» факультетін тамамдаған.
 1991 жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп келеді.. 2009 жылы «Жылдың үздік радиотілшісі» атанды. 2010 жылы «Қазақстан Ұлттық арнасы» 50 жылда тұңғыш өткізген республикалық журналистер байқауында «Қилы тағдырлар» радиобағдарламасы бас жүлдені жеңіп алды.  Республика ақындарының 1994 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қарлығаш» жыр жинағына бір топ өлеңдері енді. Ал, 2000 жылы Жамбыл облысы ақын-жазушыларының «Атамұра» баспасынан шыққан топтама кітабы, 2000 жылы «Жүрегімдесіңдер менің», 2005 жылы «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген» атты кітаптары баспадан шықты.
«Азия дауысы», «Жас қанат» халықаралық байқауларда Назгүл Дүйсенбаеваның орындауындағы  мәтінін жазған ән  лауреат атанды.
2003 жылы «Қанатты әйел» республикалық байқауының арнайы жүлдесіне ие болды. Қазір Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында редактор болып қызмет атқарады. 2013 жылы  «Айна» тарихи-танымдық және «Айша бибі» хабарлары үшін Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив