29
сентябрь
2021
"Адам құқығы, балаларды зорлық зомбылықтан және кибербуллингтен қорғау" тақырыбында тәрбие сағатын өткізілді.
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде қыркүйек айының 29 күні 7 "Б" және 7 "В" сыныптарынның сынып жетекшілері Н.Бектібаева және Ғ.Самбетова "Адам құқығы, балаларды зорлық зомбылықтан және кибербуллингтен қорғау" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, ең жаман қасиеті әлімжеттік жасау екенін, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу,адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау болып табылады. Осы мақсатты ұстана отырып мектеп оқушыларына тәрбие сағаты барысында, тақырып бойынша толық мағлұмат берілді. Іс шараға директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берикова және әлеуметтік педагог Г. Жолдасбекова қатысып, өз пікірлерін білдірді.
