Мектеп директорының қамқоршылар кеңесі алдындағы есебі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі – қаладағы көп жылдық тарихы бар, білім беру саласында жетістіктер көрсетіп келе жатқан білім ошақтарының бірі. Мектеп оқушылары жыл сайын ҰБТ- да жақсы білім сапасын көрсетіп, мектебіміз бірнеше жыл қатарынан қаладағы үздік ондықтан көрініп келді. Мектепте қазіргі таңда 760 оқушы білім алып отыр. Мектептегі 79 мұғалімнің 10-ы жоғары, 9-ы педагог-зерттеуші, 8-і бірінші, 14-і педагог-сарапшы, 5-уі екінші, 9-ы педагог-модератор санатында, жалпы сапалық құрам 52 %- ды құрайды. Биылғы оқу жылында аттестациядан өткен мұғалімдер - 6 педагог-зерттеуші, 7 педагогсарапшы, 4 педагог- модератор санатын иеленді. 17 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2019-2020 оқу жылында мектеп 65% білім сапасын көрсетті. Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектерден екі оқушы «Алтын белгі», бір оқушы «Үздік аттестат», бір оқушы «Үздік куәлікпен» бітіргелі отыр. Оқу жылы ішінде мектеп ұстаздары мен оқушыларды түрлі білім, өнер, спорт бәйгелеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Облыстық «Ясауитану» байқауында І орын иеленген 10 сынып оқушысы Үсенбаева Дилназ республикалық «Ясауитану» байқауында ІІІ орын және 50000 тенге көлемінде сыйлық иеленді. Облыстық пән олимпиадасында 11 сынып оқушысы Анарбаева Аружан физика пәнінен жүлделі ІІІ орын иеленді. Қалалық пән олимпиадасында 11 сынып оқушысы Анарбаева Аружан физика пәнінен ІІ орын, 9 сынып оқушысы Әлімбек Айдана география пәнінен ІІІ орын иеленді. Қалалық мәнерлеп оқу, шығарма, сурет, физикадан көрнекіліктер байқауларынан 11 оқушы жүлделі орынға ие болды. Мектеп оқушылары сонымен қатар, қашықтық олимпиада, байқауларда да жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді.
Халықаралық «British Bulldog» интеллектуалды байқауында 39 оқушы жүлделі орын, халықаралық «Кенгуру-математика барлығы үшін» зияткерлік конкурсында 54 оқушы, халықаралық «Золотое руно» конкурсында 23 оқушы, халықаралық «Пони» конкурсында 7 оқушы,халықаралық математикадан «Слон» конкурсында 6 оқушы, республикалық КИО қашықтық олимпиадасында 48 оқушы жүлделі орын, «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында 38 оқушы жүлделі орын, Daryn.online білім беру платформасында ұйымдастырылған І республикалық «Жас тарихшы» олимпиадасында 7 оқушы, түрлі сайттарда ұйымдастырылған қашықтық олимпиадаларда -47 оқушы жүлделі орын иеленді. «Көшбасшы» педагогикалық орталығы ұйымдастырған шығарма байқауларынан 31 оқушы жүлдеге ие болды.
Қамқорлық кеңес жұмысының мақсатына тоқтала кететін болсақ: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.
Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасынабірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.
Қыркүйек айынан бастап мектепте қамқорлық кеңес жұмысы жалғастырылып, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізілді.
Жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу актісі жасалып, мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Мектепке қамтылмай қалған бала жоқ. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. 2019-2020 оқу жылында көптеген игі істер атқарылды.
Қыркүйек айындағы қамқорлық кеңес отырысында әлеуметтік -педагог Г.Жолдасбекова қазіргі күнге дейін 220 ата – анадан түскен өтініштері мен жинақтаған құжаттарың ішінен осы 5 категорияға жататын балалардың толық ыстық тамақпен қамтылғанын айтты. Мектеп директор М.Досмаханұлы және кеңес мүшелері мектеп оқушыларының шалғай жақтан келіп оқитын балаларға қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік ұйымдастырды.
Сонымен қатар қамқорлық кеңес отырысында мектепте ұялы телефонды қолдану ережесі қабылданып, бекітілді. Бұл ережемен барлық сыныптардың ата-аналары таныстырылып, қолдары қойылып алынды.
«Қамқорлық» акциясына барлық сыныптар өз үлесін қосты, белсенді қатысты. Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған әңгімелер өткізілді.
Кәмелетке толмағандардаң бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда. Олардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысулары, спортпен шұғылданулары, әр алуан үйірмелер мен спорт секцияларына қатысулары бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Педагогикалық ұжыммен бірлесіп нашақорлық және зиянды заттарға әуестенудің алдын алудағы бағдарламалар бойынша мақсатты түрдегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім басқармасы, Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы, Денсаулықты сақтау басқармасы, СПИД-тің алдын алу орталығы, СӨС қалыптастыру, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарымен бірлесе жұмыс атқарылуда. 2019-2020 оқу жылының 15 мамыр күні ата-аналар жиналысы әлеуметтік желі арқылы өткізіліп, онда жазғы демалыс кезіндегі бос уақытында күнделікті қадағалап, толық жауапкершілікпен қарау керектігі айтылып, елімізде жүріп жатқан пандемия індетіне байланысты «пандемияның» талаптарын балалар тарапынан бұзуына жол бермеу туралы, балалардың өмір қауіпсіздігіне толықтай бірігіп жауап беру керектігі туралы айтылды. Мектеп тарапынан Әкімшілік Кодекстің 127-1, 442-1, 442-2, 434-1, 441-1 баптарымен таныстым. Яғни, түнгі сағат 23.00-ден көшеге шығаруға болмайтыны, кешкі сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орнына баруға болмайтыны, дүкеннен арақ, темекі сатып әкелуге жұмсауға болмайтындығы ескертілді, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеуге, жеке тұлғаны қорлап тиісуге, тұрғын-жайларды қорлауға, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластауға, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығаруға және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзуға, төңiрегiндегiлердi сыйламау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығы да ескертілді. Ата-ананың қадағалауынсыз ауыл немесе қала сыртына серуенге, жорыққа шығуына, таңды қарсы алуға (рассвет), автокөліктермен заңсыз шеру ұйымдастыруға рұқсат етілмейтіндігі де айтылды. «Жасөспірімдердің құқығы» тақырыбында мектеп инспекторы Нұрақ Ақбота, мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берикова Райхан әлеуметтік педагог 5-9 сыныптың оқушыларымен мектептің акт залында кездесу өткізді.
Жұмыс жоспарына сәйкес жалпы ата – аналар жиналысы өткізіліп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды: «Отбасы тәрбиесі», «Өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті», «Құқық бұзушылық мәселесі бойынша мектеп пен отбасының өзара әрекеті». Аталған жиналыстарда ата – аналар нормативтік - құқықтық актілерімен танысып, психологиялық – педагогикалық ата – аналарға білім, мағлұмат беру жұмысы іске асырылды.
2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында 1 ші сынып оқушыларының ата- аналарына психологиялық қолдау «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата –аналар конференциясы; «Отбасылық зорлық зомбылық және өз - өзіне қол жұмсаудың алдын алу» 1-4 сынып оқушыларының ата –аналарымен жиналыс; «5 ші сынып оқушыларының сәтті бейімделуіне жағдай жасау жолдары» ата -аналарға ұсыныстар беру; «Мамандық таңдау өмірімнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында 9а класс оқушыларымен ата-аналарымен бірлескен дәстүрлі емес ата- аналар жиналысы; «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі және өз –өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында 1-11 сынып ата –аналармен Г.Данаева жиналысы өткізілді.
2019 жылдың 10-14 ақпан аралығында 1-11 сыныптар арасында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында қамқорлық кеңес мүшелерінің қатысымен барлық сыныптардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 764 оқушының ата-аналарының барлығы 100% келді. Жиналыста ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларын әлеуметтік желілерге отырғанда қадағалаудың түрлері, баланың психо-эмоционалдық жағдайы туралы кеңес мүшелері сөйледі. Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, «Ата-аналар бақылауы» бағдарламасын үй компьютеріне орнатып, балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.
Мектеп психологі Г.Данаева және Б.Айтбаева балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу тақырыбында түсініктеме жұмысын жүргізді. Оқушылардың мінез-құлықтарындағы пайда болатын оғаш қылықтарға ата-аналардың назар аударып, себебін анықтап отыруы керек екендігі айтылды. Өзі-өзіне қол жұмсауға әрекет ететін қауіпті топқа кіретін балалардың психологиясына тоқталды. Өзі-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуда ата-анаға кеңес берді.
Барлық сыныптарда жиналыс хаттамасы жазылып, әр ата-ананың танысқаны туралы қолдары қойылды.
Республикалық «Мектепке жол» акциясында жағдайсыз, көмекті қажет ететін жанұя балаларына мектепке қажетті құралдар мен киім кешектер берілді.
Ақпан айын да салауатты өмір салты және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне мектебіміздің қамқорлық кеңесі ерекше назар аударады. Ата – аналар қауымдастығы өкілдері бракираж комиссиясы жұмысына қатысады.
Жыл бойы әлеуметтік педагогпен бірлесе қамқоршылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу және бала құқықтарының орындалуын тексеру мақсатында рейдтер, «Сенім» телефоны және Сенім жәшігі жұмысы, жетім және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың түрлі қалалық ұйымдастырылған қайырымдылық іс- шараларына қатыстыру, ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайы, жетім балаларға, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп баланы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілді.
2019-2020 оқу жылының жазғы демалыс кезін ұйымдастыру туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Рахманкулова мектептік және сыныптың ата – аналар жиналысын «Online» арқылы қатысып 15 –маусымнан бастап сыртқы лагерь болатындығын ескертіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыртқы лагерге мектепте оқитын көпбалалы, жағдайсыз, қамқорлыққа алынған және басқа да оқушылар қамтылатындығын айтты.
Әрине, барлық мәселелер өз шешімін оңайлықпен таппайды.
Негізгі мәселелер мен қиындықтарды шамамен төмендегідей белгілеуге болады:
- Мектеппен бірлесіп атқаратын іс – шараға барлық ата – аналар бірдей белсене қатыса алмайды;
- Ата – аналардың педагогикалық мәселелер бойынша кеңес алуға өз уақыты жете бермейді.
Келесі оқу жылына алға қойған қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаты:
- Мектептің жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;
- Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында мектептің оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;
- Мектепке қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
- Мектептің әрі қарай сапалы дамуына ықпал ету.
Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
- Мектеп ұжымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс шараларын өткізуге көмек көрсету;
- Тәрбие мен оқыту саласына халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;
- Халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету.
Қорыта келе биылғы оқу жылына жоспарланған шаралар толық орындалды.