
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде 21.09.2021ж күні сағат 12:30 - да мектептің ұл балалармен "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты: Жасөспірімдер жасайтын және оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу, ескерту, құқыққа қарсы бағыттағы жасөспірімдер топтарын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сонымен қатар оларға алкогольдік ішімдік пен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс әрекеттерге итермелейтін ересектерді анықтау және алдын алу болды. Бұл жиынға 8-10 сыныптың ұл балалары қатысты.