16
сентябрь
2020
07.09.2020ж Онлайн форматта өткізілген ұлдар жиналысы

Жиналыс мақсаты: Жасөспірімдерді қәзіргі таңда туындап отырған пандемия кезінде өздерінің іс әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, бұзақылықтың алдын-алу мақсатында ескертілді.
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін. жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.