11
февраль
2026
Ұлттық бірыңғай тестілеу (10 қаңтар – 10 ақпан 2026 ж.) қорытындысы.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (10 қаңтар – 10 ақпан 2026 ж.) қорытындысы
2026 жылғы ҰБТ нәтижелері бойынша мектебіміздің бітіруші сынып оқушыларының көрсеткіштері төмендегідей:
Жалпы бітіруші саны – 27 оқушы
ҰБТ-ға тіркелгені – 22 оқушы
Тіркелмегені – 5 оқушы
Шығармашылық бағыт таңдағаны – 4 оқушы
5 пән бойынша тапсырғаны – 19 оқушы
Орташа балл – 69% (өткен жылы – 63%)
Шекті деңгейден өтпегені – 4 оқушы
Шекті деңгейден өтпегендердің орташа көрсеткіші – 45%
Биылғы көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға жоғары, бұл – жүйелі дайындық жұмысының нәтижесі. Оқушылардың басым бөлігі шекті деңгейден өтті.
Дегенмен, 4 оқушы шекті деңгейден өте алмады. Бұл бағытта қосымша дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
Бала табысы – мектеп пен ата-ананың ортақ еңбегінің нәтижесі. Осыған байланысты:
Үй жағдайында тұрақты дайындық кестесін бақылау
Пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болу
Психологиялық қолдау көрсету
Баланың мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру
Жалпы алғанда, 2026 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша мектебімізде оң динамика байқалады. Алдағы уақытта білім сапасын арттыру мақсатында қосымша дайындық сабақтары мен жеке жұмыс жоспарлары жалғасатын болады.