2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыс жоспары » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыс жоспары
08
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік жұмыс жоспары

Мектептің әдістемелік жұмысы
1. Мектептің әдістемелік жұмысының жүйесі
Мектепте әдістемелік жұмысты әдістемелік кеңес басқарады. Әдістемелік кеңеске директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басшылық жасайды. Пән бірлестіктері мен құрылған шығармашылық топтар әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп беріп отырады. Пән әдістемелік бірлестіктеріне тәжірибесі мол, ғылыми ізденісте шыңдалған мұғалімдер жетекшілік етеді.
Әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады:
1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шеберлігін қалыптастыру. (сабақты тиімді жоспарлау; жетістік пен кемшілікке дұрыс талдау жасай білу; жоспарлы іс жасау іскерлігі, т.б.).
2. Бірлесе қимылдап ұжымды ортақ ортақ шешімге келуге жұмылдыру, мектепте педагогикалық пікірлестер ұжымын құру.
3. Озық және жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу.
Әдістемелік жұмыстың түрлері: 1. Жалпы мектеп бойынша өткізілетін шаралар (әдістемелік кеңес, педкеңес, семинар, педоқу, ғылыми-практикалық конференция). 2. Топпен өткізілетін шаралар (пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер). 3. Жеке жүргізілетін шаралар (мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруі).
Мектепте мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйрену, шығармашылық ізденісті ұйымдастыру, ұстаздардың іс-тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру, авторлық бағдарламаларды жасауға басшылық ету, жаңа педагогикалық технология бойынша ұстаздармен ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында «Ізденіс» орталығы құрылған.
«Ізденіс» орталығында:
І. «Кәсіби даму» мектебі; Мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің оқу үрдісінде жаңа технологияларды оқып-үйреніп бүгінгі күн талабына сай қолдана білу, шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау. Шығармашылық топтар:
1. «Деңгейлік саралап оқыту технологиясына» сай жұмыс істейтін математика пәні мұғалімдері.
2. «Интерактивті оқыту әдістеріне» сай жұмыс істейтін жоғары сынып мұғалімдері
3. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқыту технологиясына сай жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдері.

ІІ. «Озат тәжірибе» мектебі. Мақсаты: Мұғалімнің инновациялық озық іс тәжірибесін зерттеу, жинақтау, оқу –әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар құру, тәжірибе тарату .

ІІІ. «Жедел жәрдем» жас мамандар мектебі. Мақсаты: Жас мұғалімдерді қазіргі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиялармен жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдыру.

IV. «Дарын» оқушылардың ғылыми қоғамы. Мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми-көрегендікке шығармашылыққа баулып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
2. Мектеп ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамы
1. Кулыбекова Аксауле Сайлауовна - мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, кеңес төрайымы
2. Рахманкулова Акмарал Турарбековна - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
3. Айтбаева Базаркул Каленбаевна – психолог, хатшы
4. Муратова Айсулу Абдухаликовна - бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
5. Сайлауова Айнур Такировна - қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
6. Нысанова Камила Закировна - шетел тілдері пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
7. Сартаева Эльмира Алтынбековна - жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
8. Джетибаева Раушан Тураровна – өнер пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
9. Сиражиев Ержан Нурланұлы - информатика, физика, математика пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
10. Байманов Қуаныш Абдикеримович – денешынықтыру және АӘД пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
11. Ажибекова Айгуль Темирхановна - «Озат тәжірибе» шығармашылық топ жетекшісі
12. Бекбергенов Тимур Нургалиұлы - «Жедел жәрдем» жас мамандар мектебінің жетекшісі
13. Ауэзова Галия Жаркимбековна – «Дарын» ОҚҒ-ның жетекшісі

[attachment=87]
zhospar-dsteme-2020-2021-zhyl.pdf [1,96 Mb] (cкачиваний: 51)
Посмотреть онлайн файл: zhospar-dsteme-2020-2021-zhyl.pdf
zhospar-dsteme-2020-2021-zhyl.pdf [1,96 Mb] (cкачиваний: 51)
Посмотреть онлайн файл: zhospar-dsteme-2020-2021-zhyl.pdf
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив