02
сентябрь
2026
«Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасына қойылатын талаптары» ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектебімізде 1-2 ауысым оқушыларына мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан «Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасына қойылатын талаптары» ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» орындалуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді негізге ала отырып, назарларыңызға төмендегі ақпаратты ұсынамыз.
Мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келіп, классикалық үлгіде, бірыңғай түс гаммасында болуы тиіс. Киім үлгісі оқушының жас ерекшелігіне сай, жинақы, ыңғайлы және қауіпсіз болуы қажет.
Ата-аналардан балаларының мектепке бекітілген талаптарға сәйкес келетін мектеп формасымен келуін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Бірыңғай мектеп формасын сақтау – оқушының тәртіпке, жауапкершілікке және білім беру ұйымының ішкі талаптарына құрметпен қарауының көрінісі.