12
март
2020
Тохметов Даулетхан Еділбайұлы
Тохметов Даулетхан Еділбайұлы 1957 жылы 6 наурызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шөлдала бекетінде дүниеге келген. 1965 жылы Шөлдала бекетіндегі №331-ші бастауыш мектебіне 1 сыныпқа барды. 1969 жылы Жамбыл қаласындағы №322 темір жол мектебіне (қазіргі Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі) барып, 1974 жылы осы мектепті бітірді. 1974 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтының ағылшын тілі факультетіне түсіп, 1978 жылы бітірді. 1978 ж. Құмшағал орта мектебінде мұғалім
1985 ж. Құмшағал орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
1993 ж. Шөлдала орта мектебінің директоры
2002 ж. Жеңістің 30 жылдығы орта мектебінің директоры
2003 ж. Көлтоған орта мектебінің директоры
2006 ж. Құмшағал ауылдық округінің әкімі
2008 ж. Шөлдала орта мектебінің директоры
2012 ж. №55 орта мектебінің директоры
Марапаттары: "Қазақстан Республикасына 10 жыл" медалі, Білім министрлігінің, облыс әкімінің мақтау грамоталары