«Түлек- 2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында соңғы қоңырау
«Түлек- 2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 1-11 сынып оқушылары,ұстаздары арасында өтті. Жас түлектер өз өнерлерін көрсетіп,мектепке, ұстазға деген тілектерін білдірді, түлектер вальсін биледі. Түлектерге сәт сапар, ақ жол! Алдағы уақытта өтетін Ұлттық бірыңғай тесттен жоғары бал жинап аңсаған оқу орындарына түсіп қалаған маман иесі болуларыңа тілектеспіз. Сәт сапар, жас түлек!