18
апрель
2019
Менің сүйікті кітабым
2019жылдың 18 сәуірінде «Мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында мектеп кітапханашысы Р.Нартаеваның ұйымдастыруымен "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар сүйікті кітаптарына презентация жасап, көріністер көрсетті. Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Жақсылық Досаев балаларға білімнің барлығы кітапта екендігін, әдеби кітап оқудың маңыздылығын айтты. Мектеп директоры М.Досмаханұлы үздік көрініс, үздік презентация көрсеткен оқушыларды марапаттап, оқушыларды әлеуметтік желілерге уақыт шығындамай, әдеби кітап оқып, білім алуға шақырды.