18
апрель
2024
Төтенше жағдайдың жылдық жоспарына сәйкес «Жер сілкінісі », «Су тасқыны « тақырыптарында жаттығу өткізілді.
2024 жылдың 17 сәуір күні сағат 11:20 да және 15:40 та Тараз қаласы, №17 орта мектебінде Төтенше жағдайдың жылдық жоспарына сәйкес «Жер сілкінісі », «Су тасқыны « тақырыптарында жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу және адам өміріне қауіп төнген жағдайда сақтану, қорғану шараларын түсіндіру, алынған білімді өмірде қолдануға үйрету.Мектеп қызметкерлері және оқушылар қауіпсіз аймаққа шығарылды, мұғалімдер - 63, оқушылар-649, кіші қызметкерлер-34, балабақша-43, асхана қызметкерлері-4. Жаттығу барысында қауіпсіздік ережесі сақталды су, тоқ көзі сөндірілді.