14
апрель
2023
Ұлы даланың нағыз рухани өнерінің өкілдері, республикаға кеңінен танымал, құрметті ақын-азаматтар: Абілов Меңлібай және Ақназаров Күнтуған Аймұратұлы шақырылды.
2023 жылдың 14 сәуір күні Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің оқушылары өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында ақын-жазушылармен кездесу өткізілді. Кездесуіміздің басты кейіпкерлері ұлы даланың нағыз рухани өнерінің өкілдері, республикаға кеңінен танымал, құрметті ақын-азаматтар: Абілов Меңлібай және Ақназаров Күнтуған Аймұратұлы шақырылды.
Мектеп директоры Кенесариев Сәбит Насырұлы кеш қонақтарына өз атынан ыстық лебізін білдірді. Балалардың бойына шығармашылыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыруда осындай шараның тәрбиеге берері мол екенін атап өтті.