«Менің бақытты отбасым» » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің бақытты отбасым»
07
сентябрь
2026

«Менің бақытты отбасым»

2026 жылғы 7 қыркүйек күні мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу, білім алушылардың бойында ата-анаға құрмет, өзара сыйластық, жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 1–11-сынып оқушылары арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес төмендегі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:
• 1–4-сыныптарда – «Менің бақытты отбасым»; 
• 5–8-сыныптарда – «Отбасындағы сыйластық – бақыттың бастауы»; 
• 9–11-сыныптарда – «Бақытты отбасы: түсіністік, жауапкершілік және қолдау». 
       Іс-шара барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық көрсету, өзара түсіністік пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушылар отбасы туралы өз ойларын ортаға салып, жағдаяттық тапсырмалар орындады, пікір алмасып, шығармашылық жұмыстарға қатысты.
       Сынып сағаттарының қорытынды бөлімінде оқушылар отбасының бақыты өзара сүйіспеншілікке, сыйластыққа, сенімге және қолдауға негізделетінін түсінді.
       Сонымен қатар әр сыныпта 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізіліп, білім алушыларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау, жолда және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив