«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы » СШ №17
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-47-36
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-47-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы
26
январь
2026

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы
 Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, 23 қаңтар күні II тоқсан қорытындысы бойынша «Мектеп-ата-ана-оқушы: бірлескен жауапкершілік» тақырыбындағы диалогтік алаң «Ашық есік» күні өткізілді.
 Жиналысқа 100-ге жуық ата-аналар қатысты. Мектеп директоры Кенесариев Сабит Насырұлы ата-аналарды жиналыстың өтілу барысымен, жиналыстың мақсатымен таныстырып өтті.
 Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту, ата-аналардың пікірін тыңдау, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау және шешу жолдарын қарастыру.
 Бүгінгі өтілген «Ашық есік» күні аясында ата-аналарға пән мұғалімдерімен тікелей байланысқа түсуге мүмкіндік жасалды. Іс-шара барысында ата-аналар өз балаларының оқу үлгерімі, пәндер бойынша білім деңгейі, сабаққа қатысуы және тәртібі туралы жан-жақты мағлұмат алды.
 Пән мұғалімдері әрбір оқушының II тоқсан қорытындысы бойынша жетістіктері мен қиындықтарына жеке тоқталып, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алдағы уақытта мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
 Яғни, диалогтік алаң барысында ата-аналар мен педагогтер арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылып, алдағы уақытта бірлескен жұмыс жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
 Аталған жұмыс ата-аналардың оқу-тәрбие үдерісіне белсенді араласуына, оқушының білім сапасын бірлесіп бақылауға және қолдауға мүмкіндік беріп, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Күні: 23.01.2026 жыл. Сағат: 17:00
Жауаптылар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив