26
январь
2026
«Қазіргі заман қариясы қандай болу керек?» тақырыбындағы пікірталас, дөңгелек үстел.
АТАЛАР МЕКТЕБІ
Тақырып: «Қазіргі заман қариясы қандай болу керек?» тақырыбындағы пікірталас, дөңгелек үстел
Күні: 23.01.2026 ж.
Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, «ДАНАЛЫҚ» клубы аясында ұйымдастырылған «Аталар» мектебінің
«Қазіргі заман қариясы қандай болу керек?» тақырыбындағы өтілген пікірталас, дөңгелек үстелі – қоғамдағы қарияның орны, рухани көшбасшылық, ұлттық тәрбие мен заманауи көзқарас үндестігін талқылауға бағытталды.
Іс-шараның мақсаты – қазіргі қоғамдағы қарияның рөлін айқындау, үлкендердің рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтаудағы және жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын талқылау.
Ұйымдастырушы: «ДАНАЛЫҚ» клубы, «Аталар» мектебі жетекшісі Күзембаев Ж.Е