12
январь
2026
«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында 2«Ә» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
12 қаңтар күні – «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында 2«Ә» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Балаларды адалдыққа, шыншыл болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дарыту
Бұл сынып сағаты оқушыларға адалдық ұғымының мәнін түсіндіруге, шыншыл, әділ, жауапкершілікті болуға тәрбиелеуге бағытталған. Сабақ барысында адалдықтың адам бойындағы ең маңызды адамгершілік қасиеттердің бірі екені, адал адамның қоғамда, отбасында, достықта әрдайым сыйлы болатыны туралы түсінік қалыптастырылады.
Сынып сағаты оқушылардың дұрыс пен бұрысты ажырата білуіне, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауына, адал еңбек етуге, шындықты айтуға үйретеді. Сонымен қатар, оқушылардың ой-пікірін ашық айтуына, өмірде адал болудың маңызын түсінуіне ықпал етеді. Қауіпсіздік сабағында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекші: Мұсабекова Маржан Бауыржанқызы