12
январь
2026
«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ МЕЙІРЖАН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ» не экскурсия жасады.
2026 жылдың 6 қаңтар күні кәсіптік бағдар беруші педагог З.Б.Кожагалиеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары Тараз қаласы «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ МЕЙІРЖАН АЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ» не экскурсия жасады.
Мақсаты: кәсіпке баулу, өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы туралы айтып қана қоймай, оларды күнделікті өмірде қауіпсіздіктің негізгі ережелеріне үйрету;
Өскелең ұрпақ үшін өрт сөндіруші – ерлікпен айналысатын, әрдайым отпен күресетін, өртте адамдарды құтқаратын, тіпті кейде өз өмірін қатерге тігетін адам.
Өрт сөндірушілерге деген құрмет пен олардың іс-әрекетіне деген қызығушылық өз мінез-құлқына деген байыпты көзқарасты дамытуға ынталандырып, отпен орынсыз ойнауға кедергі болуы әбден ықтимал. Экскурсияда балаларға жауынгерлік киім, өрт-техникалық қару-жарақ көрсетілді. Өрт сөндіру бөлімінің қарамағында бар өрт сөндіру көліктері, олардың қалай жұмыс істейтіні, немен жабдықталғаны толық түсіндірілді. Оқушылармен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін, қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді, улы және табиғи газбен улану белгілері туралы айтылды.
Құтқарушылардың өскелең ұрпақпен қарым-қатынасы достық атмосферада өтті. Жоғары сынып оқушылары өрт сөндірушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Өрт сөндіру автокөлігінің өртті сөндіруге арналған үлкен арсеналы бар екендігі, ал электр құралдарын сумен сөндіруге үзілді-кесілді тыйым салынғаны түсіндірілді.
Оқушылар күн сайын өрт сөндірумен және зардап шегушілерге қол ұшын созатын жандармен әңгімелесуден көптеген қажетті және пайдалы ақпарат алғаны өте маңызды. Өйткені, осындай іс-шаралардың арқасында балаларда отпен қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениеті қалыптасады, балалардың тентектігіне байланысты оқиғалардың туындау қаупі азаяды.
Кәсіптік бағдар беруші педагог пен оқушылар өрт сөндірушілерге қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдірді.
@112jambyl