11
ноябрь
2025
«Ұлт мақтанышы»
Тақырып: «Ұлт мақтанышы»
Өткізілу уақыты: 10.11. 2025 ж
Қатысушылар: 10–11 сынып оқушылары
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына (Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығына) сәйкес, Жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң туғанына 110 жыл «Ұлт мақтанышы» атты сынып сағаты (15.11.1915 - 2.11.1973) өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы, педагог Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлік жолы туралы мәлімет беру;
Оның елге, ұлтқа сіңірген еңбегін насихаттау, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сынып сағаты барысында оқушылар Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметі жайлы деректермен танысты. Батырдың ерлік істері, соғыстағы қаһармандық жолы, соғыстан кейінгі ғылыми және ұстаздық еңбегі туралы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар батырдың өмірінен үзінділер оқып, «Менің ұлтымның мақтанышы» атты ой-толғауларын ұсынды. Сонымен қатар, Мәлік Ғабдуллиннің шығармаларынан көріністер қойылып, сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылды.
Қорытынды:
Сынып сағаты оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі тұтуға баулыды. Оқушылар Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлігіне терең құрмет білдіріп, ұлт мақтанышы екенін айқын сезінді.
Жауаптылар: ДТІЖО, сынып жетекшілер