12
ноябрь
2025
2025-2026 оқу жылы ішінде қалалық деңгейде өткізілген түрлі байқауларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылардың марапаттары мектеп директоры Сабит Насырұлының құттықтауымен мектепішлік жиында берілді.
Мектебімізде 2025-2026 оқу жылы ішінде қалалық деңгейде өткізілген түрлі байқауларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылардың марапаттары мектеп директоры Сабит Насырұлының құттықтауымен мектепішлік жиында берілді.
Атап айтқанда:
1. «Құқықтық білім беретін мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «ҚҰҚЫҚ ЖІНЕ ҚОҒАМ» зияткерлік ойында үздік нәтиже көрсеткен 10-сынып оқушылары Асембек Іңкәр мен Жарқынбек Рамазан III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.
2. 3-4 сынып оқушылар арасында өткізілген «МЕНІ ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН МАМАНДЫҚ» сурет байқауында жүлделі III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН 4-сынып оқушысы Өмірбек Сезім марапатталды.
3. Абай Құнанбай ұлының туғанына 180 жыл толуына орай Абайдың «ҚАРА СӨЗДЕРІ» атты қалалық буктрейлер байқауында «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша жүлделі III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН 9-сынып оқушысы Нүргелді Шернияз марапатталды.
4. «Эко-күнтізбе» ережесіне сәйке «Эко-юрист» тақырыбындағы облыстық байқауының қалалық кезеңінде жүлделі III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН 10-сынып оқушысы Шамситдин Нұрай марапатталды.
Бұл оқушылардың жетістігі – мектеп ұжымының, жетекшілер мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Мектеп әкімшілігі жүлдегер оқушылар мен жетекшілеріне шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейді.
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 10 "Ә" сынып оқушысы — Қали Алихан «Халық банкінен» 100 000 теңге көлемінде бонус ұтып алды!
Бұл — табандылық пен ізденістің, білімге деген шынайы құштарлықтың нәтижесі!
Мектебіміздің шәкірті Алиханды осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оның табысы өзге оқушыларымызға да үлкен ынта мен шабыт көзі болсын!
Жоба серіктестері:
@halykbank.kz — Халық банкінің ресми парақшасы
@kundelik.kz — Kundelik.kz ресми парақшасы