01
сентябрь
2025
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде 1 қыркүйек- «Білім күні» мерекесіне арналған «МЕКТЕБІМ- МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиын болып өтті.
«МЕКТЕП –МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде 1 қыркүйек- «Білім күні» мерекесіне арналған «МЕКТЕБІМ- МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс шара. Мектеп директоры С.Н.Кенесариев мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер мен 11-сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Жиынымыздың қонағы қалалық ардагерлер құрамының тұрақты мүшесі: Сапаров Берик Турарович ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды 1-қыркүйек Білім күні мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. 2025-2026 оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11-сынып оқушылары мен 1-сынып оқушыларына беріліп, алғашқы қоңырау соғылды. 2-қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында “Менің Отаным - Қазақстан”, “Ата Заң-Тәелсіздік тірегі” тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасын табатын болады.