26
октябрь
2021
Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде "Мобильді байланыс құрылғыларын алып келмеу туралы" және "Қауіпті заттарды алып келмеу туралы" 2021-2022 оқу жылының қыркүйек, қазан айларында бұйрықтар шығарылып, №271, №272 .
Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде "Мобильді байланыс құрылғыларын алып келмеу туралы" және "Қауіпті заттарды алып келмеу туралы" 2021-2022 оқу жылының қыркүйек, қазан айларында бұйрықтар шығарылып, №271, №272 осы бұйрықты негізге ала отырып іс-шаралар атқарылып келеді. Бұйрық барысында, оқу сабақтары кезінде үшкір, кескіш, психикалық белсенді заттар мен темекі өнімдерін тұтыну, сонымен қатар, ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыстар, смартфондар және т.б. жеке мүліктерін өзімен бірге алып жүруге тыйым салынатыны туралы жүйелі түрде кестеге сай рейдтік іс-шараларда ұйымдастырылып отырылады.