13
февраль
2025
#Біртұтас_тәрбие
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде бүгін яғни 12.02.2025ж күні Облыс әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 31 қаңтардағы №2-07-25-00496 хатына сәйкес, білім беру ұйымдарынның педагогтеріне, жаттықтырушылары мен дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдеріне прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қатыстыра отырып кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналысты мектеп директоры С.Н.Кенесариев ашып, қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселемен таныстырды.
Жоғарыда көрсетілген мәселе бойынша директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Берикова сөз алды. Осы жылдың 10 ақпан күні Облыс әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 31 қаңтардағы №2-07-25-00496 хатына сәйкес, білім беру ұйымдарынның педагогтеріне, жаттықтырушылары мен дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдеріне прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қатыстыра отырып кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы айтылғандығын хабарлады.
Тараз қ. ПБ 2 ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Арип Наргиз Жанатбеккызына сөз берілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 120,121,122 баптарында көзделген іс-әрекеттер байқалған жағдайда қатаң шара қолданатынын ескертті.