25
февраль
2019
әдістемелік жұмыс жоспары 2018-2019
Мектептің әдістемелік жұмысы
1. Мектептің әдістемелік жұмысының жүйесі
Мектепте әдістемелік жұмысты әдістемелік кеңес басқарады. Әдістемелік кеңеске директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басшылық жасайды. Пән бірлестіктері мен құрылған шығармашылық топтар әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп беріп отырады. Пән әдістемелік бірлестіктеріне тәжірибесі мол, ғылыми ізденісте шыңдалған мұғалімдер жетекшілік етеді.
Әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады:
1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шеберлігін қалыптастыру. (сабақты тиімді жоспарлау; жетістік пен кемшілікке дұрыс талдау жасай білу; жоспарлы іс жасау іскерлігі, т.б.).
2. Бірлесе қимылдап ұжымды ортақ ортақ шешімге келуге жұмылдыру, мектепте педагогикалық пікірлестер ұжымын құру.
3. Озық және жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу.
Әдістемелік жұмыстың түрлері: 1. Жалпы мектеп бойынша өткізілетін шаралар (әдістемелік кеңес, педкеңес, семинар, педоқу, ғылыми-практикалық конференция). 2. Топпен өткізілетін шаралар (пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер). 3. Жеке жүргізілетін шаралар (мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруі).
Мектепте мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйрену, шығармашылық ізденісті ұйымдастыру, ұстаздардың іс-тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру, авторлық бағдарламаларды жасауға басшылық ету, жаңа педагогикалық технология бойынша ұстаздармен ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында «Ізденіс» орталығы құрылған.
«Ізденіс» орталығында:
І. «Кәсіби даму» мектебі; Мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің оқу үрдісінде жаңа технологияларды оқып-үйреніп бүгінгі күн талабына сай қолдана білу, шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау. Шығармашылық топтар:
1. «Деңгейлік саралап оқыту технологиясына» сай жұмыс істейтін математика пәні мұғалімдері.
2. «Интерактивті оқыту әдістеріне» сай жұмыс істейтін жоғары сынып мұғалімдері
3. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқыту технологиясына сай жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдері.
ІІ. «Озат тәжірибе» мектебі. Мақсаты: Мұғалімнің инновациялық озық іс тәжірибесін зерттеу, жинақтау, оқу –әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар құру, тәжірибе тарату .
ІІІ. «Жедел жәрдем» жас мамандар мектебі. Мақсаты: Жас мұғалімдерді қазіргі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиялармен жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдыру.
IV. «Дарын» оқушылардың ғылыми қоғамы. Мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми-көрегендікке шығармашылыққа баулып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
2. Мектеп ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамы
1. Кулыбекова Аксауле Сайлауовна - мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, кеңес төрайымы
2. Рахманкулова Акмарал Турарбековна - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
3. Данаева Гүлмира Меирхановна – психолог, хатшы
4. Утебаева Шолпан Сериковна - бастауыш сынып пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
5. Абишева Аймкул Махановна - қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
6. Канапина Мейраш Тугельбаевна - шетел тілдері пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
7. Сартаева Эльмира Алтынбековна - жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
8. Джетибаева Раушан Тураровна – өнер пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
9. Еркінбекова Гүлбахыт Куанышбаевна - информатика, физика, математика пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
10. Байманов Қуаныш Абдикеримович – денешынықтыру және АӘД пән әдістемелік бірлестігінің жетекшісі
11. Ажибекова Айгуль Темирхановна - «Озат тәжірибе» шығармашылық топ жетекшісі
12. Джакипбекова Аида Июльбековна - «Жедел жәрдем» жас мамандар мектебінің жетекшісі
13. Ауэзова Галия Жаркимбековна – «Дарын» ОҚҒ-ның жетекшісі
2018-2019 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары
Мектеп ғылыми-әдістемелік жұмысының тақырыбы:
«Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына жетекшілік ету арқылы оқыту мен оқу үдерісін дамыту»
Мақсаты:
- Білім сапасын арттырудың қазіргі педагогикалық технологияларын білім тәрбие беру үрдісіне енгізіп, жетілдіру;
- Шығармашылық топтардың жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
- Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу
- Үлгермеушіліктің алдын алу және білім беру қызметінің сапасын арттыру
Міндеттері:
- жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасай отырып, оқушылардың зерттеу-ізденушілік бағытындағы жұмыстарын қолға алу;
- сабақта АКТ мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін арттыру;
- мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтап, авторлық бағдарлама жасауға бағыттау;
- пәндік олимпиадаға дайындықтың тиімді тәсілдерін қарастыру;
- жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, білім сапасын арттыру
Күтілетін нәтижелер:
- білім беру ортасының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
- оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
- дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы