27
сентябрь
2021
Мектепте «Есірткіге қарсы күрес» акциясы аясында сынып сағаттары өткізілді.
Мектепте «Есірткіге қарсы күрес» акциясы аясында сынып сағаттары өткізілді. Атап айтар болсақ, 4 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Ж.Жаңқабаева және 4 «Г» сынып жетекшілсі Р.Әмірбековалар «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында ашық сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарын мақсаты - Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру болып отыр. Сынып сағатында әсерлі болған жері әр топ суреттерін тақырып бойынша қорғаған жері «Болашақ»тобы: суреттің тақырыбы «Темекіден түтін сорсаң улайсың,өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың» «Денсаулық»тобы: суреттің тақырыбы: « Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір.» «Салауат» тобы. суреттің тақырыбы: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға». Сынып сағаттарында тақырып ашылып, сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын.




