27
сентябрь
2018
Фируза Шариповамен кездесу.
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған сәттен бастап қазақ елінің спорты қанатын кеңге жая бастады. Байрақты бәсекелерде еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын әуелетіп жүрген жастарымыз көбеюде. Солардың бірі әлемдік додаларға қатысып, ел намысын қорғап жүрген жерлесіміз қыркүйек күні мектебімізде қонақ болып қайтты. Кездесу барысында Фируза өзінің жеңіс жолын баяндап берді. Оқушыларға жеңістің оңайлықпен келмейтінін, ол үшін өте көп еңбектеніп, асқан табандылықпен алға ұмтылу қажеттілігін баса айтып, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынып, Фирузаға болашақта еліміздің туын желбіретіп, Қазақстанның жеңісіне жеңіс қоса беруін тілеп, естелікке суреттерге түсіп, қуаныштарын жасыра алмады.